Выйти
RU

"Олар-үздік қызметкерлер": Министр блок-бекетте қаза тапқан полицейлер жайлы айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен брифингте Алматы блок-бекетіндегі жол апатынан қаза болған полицейлердің жанұясына көрсетілетін көмек жайлы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Олар-үздік қызметкерлер": Министр блок-бекетте қаза тапқан полицейлер жайлы айтты

Фото: polisia.kz: Алматы ПД; t.me/kozachkov. Коллаж: NUR.KZ

Министрдің сөзінше, марқұмдардың отбасына жерлеу шығындары - жарты миллион теңгеге дейінгі сома өтеледі.

Одан бөлек, қайтыс болған полицейлердің жанұясы асыраушысынан айырылғандықтан бір жолғы төлем алады. Атап айтқанда, полицей Жанғазиевтің жанұясына 10 млн теңге, Әбдіқановтың отбасына 7,5 млн теңге беріледі.

Тұрғымбаев президенттің қос полицейді мемлекеттік наградамен марапаттағанын, марқұмдар қызметтік парызын өтеп, тәулік бойы блок-бекетте тұрған үздік қызметкерлер болғанын атап өтті.

Ішкі істер министрлігінің басшысы Әбдіқановтың жанұясына қатысты Алматы әкімдігіне жүгінгенін де жеткізді. Марқұмның бір ай бұрын ғана баласы дүниеге келгендіктен, жергілікті билік жанұяны баспанамен қамтамасыз етпек.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Айта кетейік, Алматы блок-бекетінде екі адамның өмірін қиған жол апатына күдікті Азат Азаматов жайлы тың дерек пайда болды. Қалалық ПД ақпарынша, ол құқық қорғау органдарында алты жылдан астам уақыт жұмыс істеген және 21 мамыр күні, жол апатынан төрт күн бұрын өз еркімен жұмыстан кеткен.

Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Олар-үздік қызметкерлер": Министр блок-бекетте қаза тапқан полицейлер жайлы айтты