RU

Қазақстанда 589 полиция қызметкері коронавирус жұқтырған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде 589 полиция қызметкерінен коронавирус анықталған. Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

"Иә, шынымен де, бүгінгі күні тәуекел тобына Денсаулық сақтау министрлігімен қатар Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері де кіріп отыр. Өйткені блокпостарда шамамен 7 мың қызметкер тәулік бойы қызмет етті. Бұған қоса, адамдар көп жиналатын жерлерде де жаяу шолғындау жүргізіліп, тікелей байланыс болды. Сондықтан біз де тәуекел тобына ендік.
Полиция қызметкерлері арасынан ішкі істер органының 589 қызметкері коронавирус жұқтырғаны анықталып, нақтыланды. Оның 419-ы жазылып шықты. 170-і әлі де карантинде ем алып жатыр", - дейді Ерлан Тұрғымбаев Орталық коммункациялар қызметінде өткен брифингте.

Тағы да оқыңыздар

Кәріс тарихи дорамалары: 2019 жылдың тізімі

Сонымен қатар министр ішкі істер органдары, қылмыстық атқару жүйесі қызметкерлері және Ұлттық ұлан әскери қызметшілері арасында коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандардың жоқ екендігін баса айтты.

Сондай-ақ, бүгінгі онлайн-брифинг барысында Ерлан Тұрғымбаев онлайн-сатып алу кезінде қазақстандықтарды қырағылық танытуға шақырды.

Себебі оқшаулану режимі кезінде қашықтықтан сатып алу мен онлайн тапсырыс берудің кең таралуы интернет-алаяқтық санының күрт өсуіне әсер еткен.

Мәселен жақында ғана оңтүстік астанада интернет арқылы айла-тәсілдер схемасын ұйымдастырған топтың жолы кесілген. Олар жалған криптовалютаны айналымға енгізіп, бір миллиард теңге көлемінде азаматтардың ақшасын қолды қылған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда 589 полиция қызметкері коронавирус жұқтырған