Выйти
RU

Жол апатына түскен Михаил Ефремовтың қанынан есірткінің іздері табылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәскеу орталығында кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты тың деректер пайда болды. Жол апатына себепкер болған актер – Михаил Ефремовтың қанынан есірткінің іздері табылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков, ТАСС / Роман Канащук

Фото: РИА Новости / Рамиль Ситдиков, ТАСС / Роман Канащук

ТАСС мәліметінше, құқық қорғау органдарындағы дереккөз Ресейдің еңбек сіңірген әртісінің қанынан алкоголь мен есірткі заттарының іздері табылғанын хабарлаған.

Басылымның дереккөзі атап өткендей, есірткі адам ағзасынан бірден шықпайды, ол үшін уақыт қажет. Сондықтан да есірткіні пайдаланғаннан кейін белгілі бір уақыт өтсе де, ол қанда көрсетілуі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін мас күйде жол апатына түскен Михаил Ефремовтың 12 жылға сотталуы мүмкін екенін хабарлағанбыз.

Жол апаты 8 маусым күні жергілікті уақытпен сағат 23:00-де Мәскеу орталығындағы Смоленск алаңында болған.

Jeep Grand Cherokee автокөлігін басқарған Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Михаил Ефремов жолдың қарама-қарсы бетіне шығып, Lada автокөлігін соққан.

Lada жүргізушісі түрлі дәрежедегі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Кейін оның ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.

Ресей ішкі істер министрлігінің Мәскеу қаласы бойынша бас басқармасы жол апаты кезінде актердің мас күйде болғанын хабарлады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жол апатына түскен Михаил Ефремовтың қанынан есірткінің іздері табылды