Выйти
RU

Қазақстандық судьялар коронавирус жұқтырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде коронавирус жұқтырғандар қатарында судьялар мен сот қызметкерлері де бар. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов мәлім етті. Ол әзірге соттардың офлайн режимінде іс жүргізе алмайтынын жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Сәдуақасовтың Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы адамдардың әлеуметтік желілерде соттардың жұмысын офлайн режимде қайта жандандыру керектігі жөнінде пікір айтып жатқандарын атап өтті. Ол инфекция жұқтырғандардың арасында еліміздің өңірдеріндегі судьялар мен сот қызметкерлері де бар екенін мәлім етті.

Осы орайда Сәдуақасов сот жұмысын қайта жандандырудың қандай қауіп тудыруы мүмкін екеніне назар аударды. Айтуынша, санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы да ауру жұқтырудан 100 пайызға қорғай алмайды. Сот процесінің тараптарына, өкілдеріне, сондай-ақ судьялардың өздеріне де қауіп төнеді.

Судьялардың вирус жұқтыруы соттың жабылуына соқтырады. Сәдуақасов осы орайда соттар мен дүкендерді салыстырудың орынсыз екенін атап өтті. Мәселен, дүкен жабылса, халық басқасына бара алады, ал сот жүйесі олай істемейді. Соттың жабылуы аудандағы барлық сот істерінің тоқтатылуына апарады.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде 589 полиция қызметкерінен коронавирус анықталғанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстандық судьялар коронавирус жұқтырды