Выйти
RU

Қазақстанда тағы 3 науқас коронавирустан көз жұмды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елімізде тағы 3 науқас коронавирус инфекциясынан көз жұмды. Осылайша, Қазақстан бойынша қатерлі дерттен қайтыс болғандар саны 61 адамға жетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет: pixabay.com

Көрнекі сурет: pixabay.com

Соңғы деректерге сәйкес, елімізде тағы 3 науқас коронавирус індетінен көз жұмды. Атап айтқанда:

Түркістан облысында - 1962 және 1948 жылы дүниеге келген ер адамдар,

Павлодар облысында - 1962 жылы туған ер адам қайтыс болды.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Осылайша, республика бойынша коронавирустан барлығы 61 адам қайтыс болды.

Еске сала кетейік, соңғы деректерге сәйкес, Қазақстан бойынша қатерлі дерттен жазылғандар саны 8015 адамға жетті.

Сондай-ақ елімізде 13 074 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталып отыр.

Бұдан бөлек, Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың қатарында судьялар мен сот қызметкерлері де бар екенін мәлім етті. Ол әзірге соттардың офлайн режимінде іс жүргізе алмайтынын жеткізді.

Сондай-ақ бүгінгі таңда Қазақстанда 589 полиция қызметкерінен коронавирус анықталғаны мәлім болды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда тағы 3 науқас коронавирустан көз жұмды