Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордалық адвокат туған анасын өлтірді деп күдіктелуде

Опубликовано:

Нұр-Сұлтанда туған анасын өлтірді деген күдікпен қорғаушы қамауға алынды. Ол бұрынғы жоғары шенді әскери прокуратура қызметкері болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК телеарнасына сілеме жасап.

Кадрлар: КТК арнасының видеосынан
Кадрлар: КТК арнасының видеосынан: UGC

Белгілі болғандай, 45 жастағы Құмар Бердалин подполковник атағында әскери прокуратурадан кетіп, адвокат болып жұмыс істеген.

Қылмыс болған үйде тұрған. Көршілерінің айтуынша, Бердалин жалғыз өзі тұрған. Тек жақында ғана үйге егде жастағы әйел адамның кіріп-шығып жүргенін байқаған.

Оқиға орын алған күні қорғаушының пәтерінен айғай-шу естіліпті. Оның анасының соққыдан қайтыс болғаны анықталды. Өзі қамауға алынды.

"Қатты айғай-шу естілді. Олар пәтерде ұрсып жатты. Оған қоса, ер адамның даусы қатты болатын, соны ғана естідік. Негізі оның психикалық ауытқуы бар деп айтатын. Шынымен де есі дұрыс емес адам секілді айғайлады. Тіпті пәтерінен шығарған кезде ол бір күліп, бір жылап жатты", – дейді күдіктінің көршісі.

Еске сала кетейік, жақында ғана Жезқазғандағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен ер адамның денесі табылғанын хабарлаған болатынбыз.

Гагарин көшесінің бойындағы тұрғын үйде көршілері қанға боялған ер адамның денесін тапқан. 45 жастағы марқұм пышақ жарақатын алған. Шамамен ол көп қан жоғалтқандықтан қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859651-elordalyk-advokat-tugan-anasyn-ltirdi-dep-kdiktelude/

pixel