Выйти
RU

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі 18 жылға сотталды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бішкектің Бірінші май аудандық сотында Тарихи музейді жөндеу жұмыстары мен Шолпан Ата қаласындағы ипподромды қайта құру кезінде орын алған заңсыздықтарға қатысты қылмыстық істі қарау аяқталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы 24.kg-ға сілтеме жасап.

Сапар Исаков. Фото: Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі /Сабыр Аильчиев

Сапар Исаков. Фото: Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі /Сабыр Аильчиев

Сот елдің бұрынғы премьер-министрі Сапар Исаковты ҚК-нің 319 бабы (жемқорлық) бойынша кінәлі деп танып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Судья Марат Сыдықовтың шығарған үкіміне сәйкес, Сапар Исаков Тарихи музейді қайта құру ісі бойынша кінәлі деп танылған.

Сондай-ақ ол Шолпан-Атадағы ипподромды жөндеу жұмыстары кезінде жемқорлық жасау бойынша кінәлі деп танылған.

Ол осы екі эпизодтың әрқайсы бойынша 12 жыл мерзімнен бас бостандығынан айырылды. Сот жазаларды ішінара қосу арқылы 16 жыл мерзім белгіледі. Нәтижесінде, Бішкек жылу электр стансасын қайта құру ісі бойынша бұған дейін шығарылған үкімді ескере отырып, сот Сапар Исаковты 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сондай-ақ ол мемлекетке 247 миллион 650 мың 281 сом төлеуі тиіс.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Еске сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғы үкімет басшысы 2019 жылдың маусымында қамауға алынған болатын.

Тергеу дерегі бойынша, Сапар Исаков 2013 жылы Қырғызстан президенті аппаратында сыртқы саясат бөлімін басқарып тұрған кезінде, "Бішкек қаласы ЖЭС-ін модернизациялау" жобасын жүзеге асыру барысында қызметін пайдаланып, мердігерді конкурста іріктеп алу кезінде шетелдік компанияның мүддесін қорғаған.

Айта кетейік, мемлекеттік айыптаушы экс-премьер-министрге 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгілеуді сұраған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі 18 жылға сотталды