RU

Әзербайжанда карантин режимі 1 шілдеге дейін ұзартылды

Әзербайжанда коронавирусқа байланысты қалыптасқан санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға талдау жасалып, соңғы күндер ішінде вирус жұқтырғандар санын ескере отырып ерекше карантин режимін 2020 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарту туралы шешім қабылданған. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ порталы Азертадж сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Meydan tv
Фото: Meydan tv: Facebook

Министрлер кабинеті жанындағы шұғыл штаб мәлім еткендей, Әзербайжанда осы күнге дейін коронавирус жұқтырудың 8191 дерегі тіркелген.

Қазіргі уақытта 3487 адам арнайы карантин режиміндегі ауруханаларда ем алып жатыр.

Елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды талдау бойынша, соңғы уақытта Евлах, Исмаиллы, Кюрдамир және Сальян аудандарында көптеген ауру жұқтыру деректерінің анықталғаны белгілі болды.

Вирустың таралу қарқынын төмендету және оның Баку, Гянджа, Лянкяран, Сумгайыт қалалары аумағына, сондай-ақ Абшерон, Евлах, Исмаиллы, Кюрдамир және Сальян аудандарына ары қарай таралуын болдырмау мақсатында 14 маусымнан 16 маусымға дейін қатаң карантин режимі енгізіледі.

Айта кетейік, Қазақстандағы жағдайға келер болсақ, соңғы мәліметтерге сәйкес, жалпы ел аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 13 319 адамға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859673-zerbajzanda-karantin-rezimi-1-sildege-dejin-zartyldy.html