Выйти
RU

"Беті бері қарап келеді": Хабибтің әкесінің жағдайы белгілі болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың менеджері Али Абделазиз спортшының әкесі әрі жаттықтырушысы Абдулманап Нурмагомедовтың хал-жағдайы туралы айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Агенттің айтуынша, бірнеше апта бұрын ауыр халде ауруханаға түскен үлкен Нурмагомедовтың беті бері қарап келеді.

Осыған дейін 57 жастағы бапкерге коронавирус диагнозы қойылған болатын.

"Хабиб мықты, оның жанұясы да мықты және әкесі де сондай. Онда оң өзгеріс бар. Көзін ашып, аздап жауап беріп жатыр. Бұл жақсы белгі. (..) Барлығымыз оның жақсы болатынына сенеміз. Бірақ қазіргі уақытта бәрі оның денсаулығына байланысты. Алайда ол талпынуда, біз бұған өте қуаныштымыз", - дейді чемпионның мененджері Абделазиз.

Еске сала кетсек, сәуір айының соңында Абдулманап Нурмагомедов Дағыстанда ауруханаға түскені хабарланды. Алайда ауруханаға жатқызу себебі айтылмаған болатын. Кейінірек жаттықтырушыға пневмония диагнозы қойылғаны белгілі болды.

Басылым беттерінде оның комаға түскені жарияланды. Кейін бапкердің досы, спорт комментаторы Рамазан Рабаданов Абдулманап Нурмагомедовтың есін жиғанын, алайда біраз емделу керектігін мәлім еткен болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Беті бері қарап келеді": Хабибтің әкесінің жағдайы белгілі болды