Выйти
RU

13 келі алтынға оранған бизнесмен жайлы не білеміз

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Вьетнамдық Тран Нгок Пхук есімді кәсіпкер жалпы салмағы 13 келіден тұратын алтын тағып, жұрт назарын өзіне аударуда. Айтуынша, ол мұндай образбен сыртқа жалғыз өзі шыға алмайды. Оның жанында кемінде бес оққағар жүреді екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

13 келі алтынға оранған бизнесмен жайлы не білеміз

Фото: Видеодан кадр

36 жастағы кәсіпкер екі үлкен білезік, әрқайсысы 500 граммды құрайтын 4 сақина, бес келі алқа мен белдігінің айналасын қаптап тұраты алтын бау тағып жүреді.

Пхук таққан алтынның жалпы салмағы 13 келіні құрайды.

Оққағарлары кәсіпкерден бір елі алыстамайды. Олар ер адамды қаскөйлерден де, бағалы бұйымдарды қолымен ұстап көргісі келген қарапайым халықтан да қорғап жүреді.

13 келі алтынға оранған бизнесмен жайлы не білеміз

Фото: bigpicture.ru

Пхук - футбол ойындарының жанкүйері. Ол матч көруге барған кезде оққағарлары оны барлық жағынан қоршап, бөтен адамдарды жанына жуытпайды. Олар ойын барысында біреу алтынды жұлып әкетуі мүмкін деп қауіптеніп, кәсіпкердің алтындарын қолдарымен ұстап, қорғап тұрады.

Тран Нгок Пхук журналистерге еш қысылмастан мұндай өмірге қалай қол жеткізгенін ашық айта береді.

13 келі алтынға оранған бизнесмен жайлы не білеміз

Фото: bigpicture.ru

Айтуынша, оның 150 мың доллар тұратын бағалы бұйымдары оған сәттілік әкеледі. Айта кету керек, ер адам Хошимин қаласындағы ең танымал караоке-клубтардың иесі.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Пхуктың сөзіне сенсек, ол кедей отбасынан шықан. Ал 20 жасында мұнай өнімдерін сатып, алғаш рет миллионер атаныпты.

13 келі алтынға оранған бизнесмен жайлы не білеміз

Фото: bigpicture.ru

Ер адам алғашқы бұйымын фен-шуй кеңесшісінің ұсынысы бойынша сатып алған, кеңесшісі кәсіпкерге олардың сәттілік әкелетінін айтыпты.

Бизнесмен өзінің мұндай образына бірден үйреніспегенін айтады. Әсіресе бес келі алқа оған біраз қиындықтар әкелген. Ол тіпті мойының ауырғанына шағымданып, дәрігердің көмегіне жүгініпті.

13 келі алтынға оранған бизнесмен жайлы не білеміз

Фото: bigpicture.ru

Алайда дәрігерге мойны алтынның салмағынан ауырып жүргенін айтқан кезде, ол ашуланып, оны қараудан бас тартыпты. Тек қабылдауға екінші рет келгенде ғана ақ халатты оған дәрі жазып беріпті.

Кәсіпкер мұнымен тоқтап қамай, болашақта алтын қалпақ пен алтын жіппен тігілген жейде сатып алмақ екен.

13 келі алтынға оранған бизнесмен жайлы не білеміз

Фото: bigpicture.ru

Естеріңізге сала кетейік, бағалы тастармен көмкерілген моңғол халқының ұлттық киімі жайлы жазған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
13 келі алтынға оранған бизнесмен жайлы не білеміз