Выйти
RU

Алматы блок-бекетіндегі жол апаты: Блогер полиция басшыларына шығарылған бұйырықты жоюды сұрауда

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бұған дейін ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматыдағы блок-бекетте екі полицейді қағып кеткен адамның жол апатынан 4 күн бұрын құқық қорғау органдарынан шығарылғанын мәлім еткен еді. Осы орайда белгілі блогер Денис Кривошеевтің өз айтары бар деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Министр полицейлердің автокөлігін соққан иномарка жүргізушісі 21 мамырда – жол-көлік оқиғасынан төрт күн бұрын полиция қатарынан шығарылғанын айтқан болатын.

Сонымен қатар Тұрғымбаев қызметтік тексеріс нәтижесінде Алматыдағы бірқатар полиция басшылары жазаланғанын жеткізген.

Осы орайда блогер Денис Кривошеев өзінің Facebook парақшасында жол-көлік оқиғасы кезінде Азаматовтың құқық қорғау органдарының қызметкері болып табылмағанын, сәйкесінше полиция жарғысына бағынбайтынын атап өтті.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Блогердің айтуынша, осыған орай полиция департаментіндегілер ол үшін жауапкершілік арқаламауы тиіс.

Кривошеев осы мәселеге байланысты Ерлан Тұрғымбаевтан бұған дейін тәртіптік жазаға тартылған полиция қызметкерлеріне қатысты бұйрықтың күшін жоюды сұрады.

Еске сала кетейік, бұған дейін ішкі істер министрлігінің басшысы Ерлан Тұрғымбаев ОКҚ-да өткен брифингте Алматы блок-бекетіндегі жол апатынан қаза болған полицейлердің жанұясына көрсетілетін көмек жайлы әңгімеледі.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы блок-бекетіндегі жол апаты: Блогер полиция басшыларына шығарылған бұйырықты жоюды сұрауда