Выйти
RU

"Тұрып қол соқты": Данэлия Тулешова ғажайып дауысымен америкалықтарды таңғалдырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық жас әнші Данэлия Тулешова АҚШ-та атақты America’s Got Talent шоуына қатысып жатыр. Бұл жолы жас таланат өзінің ерекше дауысымен көрермендерді және әділ қазылар алқасын тәнті еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Видеодан кадр/шоудың Youtube желісіндегі ресми арнасы

Видеодан кадр/шоудың Youtube желісіндегі ресми арнасы

Талантты жас орындаушы саханаға шыққан сәті конкурстың үшінші бөлімінде көрсетілді. Ол канадалық өнерпаз Faouzia-ның "Tears of Gold" атты әнін орындап берген.

Видео кадрынан Данэлияның орындауынан соң бүкіл зал орнынан тұрып, қол соққанын байқауға болады.

Кейбір жанкүйерлердің пікірінше, өнерпаз әнді композицияның түпнұсқасынан да жоғары деңгейде орындаған.

Айта кету керек, канадалық әнші Faouzia қазақстандық әртістің қабілетін жоғары бағалап, Instagram Stories-те оның өнер көрсетіп жатқан видеосынан үзінді салған.

"Мен ең танымал жоба - America’s Got Talent сайысында бақ сынап жатырмын. Менің ойымша, бұл – бар өнер иесінің арманы. Себебі бұл – деңгейдегі жоғары байқау. Мен барлық сынақта өзімді барынша көрсетуге тырысамын", - дейді жас әнші.

Сайыстың қазылар алқасында аталған байқаудың негізін қалаушы, продюсер Саймон Коуэлл, америкалық-колумбиялық актриса София Вергара, немістің моделі Хайди Клум және әзілкеш Хоуи Мэндел бар.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Шоудың жүргізушісі белгілі актер Терри Крюс.

Рейтингі жоғары тележоба 2006 жылдың 21 маусымынан бастап өтіп келеді. Сайыстың жүлде қоры - 1 миллион доллар.

Айта кетейік, Данэлия Тулешова қалың көрерменге "Украинаның балалар дауысы" байқауы арқылы таныс. Жас әнші онда қазылар алқасы мен көрермендерді жарыстың алғашқы күнінен таңғалдырып, бас жүлдені иеленген.

Кейінірек өнерпаз халықаралық "Балалар Евровидениесіне" қатысты. Ол кезде Данэлия Тулешова "Өзіңе сен" әнін орындап, алтыншы орыннан көрінді.

Еске сала кетсек, осыған дейін Данэлия Төлешова қытайлық шоуда Полина Гагаринамен ән шырқағанын жазған болатынбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Тұрып қол соқты": Данэлия Тулешова ғажайып дауысымен америкалықтарды таңғалдырды