2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

10 маусымнан кейін 2006 жылы шыққан 500 теңгеліктер заңды төлем құралы болып табылмайды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ұлттық Банк 10 маусыман кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттардың ақша айналымынан алынатынын еске салды деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"2020 жылдың 10 маусымынан кейін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар заңды төлем құралы болып табылмайды", – делінген хабарламада.

Банктің мәліметінше, 2017 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттар айналыста болады және төлемдердің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетулі құны бойынша, сондай-ақ банк шотына есепке алу және аудару үшін қабылдауға, барлық банктер мен Ұлттық пошта операторы шектеместен ұсақтауға және айырбастауға міндетті болып қала береді.

Ескі банкноттардың айналымына қатысты ақпараттар бұған дейін бірнеше рет БАҚ беттерінде жарияланған. Енді ведомство алдағы уақытта бұл мәселенің қалай реттелетінін түсіндірді.

2020 жылдың 10 маусымынан кейін:

  • Екінші деңгейдегі банктер қатар айналыс кезеңі аяқталған күннен бастап 12 ай ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды және қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастайды;
  • Ұлттық банктің филиалдары екінші деңгейдегі банктердің қабылдау және айырбастау мерзімі аяқталған соң тағы 3 жыл ішінде ескі үлгідегі банкноттарды қабылдайды, сондай-ақ оларды жаңа үлгідегі ақша белгілеріне айырбастайды.

Тағы да оқыңыздар

Гиннес рекордтар кітабына енген қазақстандықтар тізімі

Сонымен қатар 10 маусымды қоса алғанда ескі үлгідегі банкноттарды төлем құралы ретінде қабылдаудан бас тартуға жол берілмейді.

Ведомство мәліметінше, заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 206-бабын бұзуға әкеп соқтырады.

Ұлттық банк өкілдері ескі және жаңа үлгілердегі банкноттардың қатар айналысы кезеңінде 2006 жылғы үлгідегі номиналы 500 теңгелік банкноттарды қабылдаудан бас тарту фактілері туындаған жағдайда, тиісті шаралар қабылдау үшін Ұлттық Банктің аумақтық филиалына өтініш жасау қажет екенін ескертті.

Фото: Ұлттық банк

Фото: Ұлттық банк

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкті Алматыдан Нұр-Сұлтанға бірінші шілдеге дейін көшіру туралы қаулыға қол қойған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
10 маусымнан кейін 2006 жылы шыққан 500 теңгеліктер заңды төлем құралы болып табылмайды