Выйти
RU

Алматы облысының соты карантинге жабылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматы облысының соты карантинге жабылып, бөгде адамдарға ғимаратқа кіруге тыйым салынды, істерді қарау кейінге шегерілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

"COVID-19 короновирус инфекциясының таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне байланысты маусым айының 8-і мен 19-ы аралығында Алматы облыстық сотының ғимаратында карантиндік шаралар енгізіледі", – делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Енді сот ғимаратында белсенді дезинфекциялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі, бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынған.

Сонымен қатар облыстық соттың барлық қызметкерлері жеті күн үй карантинінде болады, соттың жұмысы қашықтықтан онлайн режимге ауыстырылып, кеңседегі жұмыс уақытша тоқтатылады, сот істерін қарау мейлінше кейінгі уақытқа шегеріледі.

Сот отырыстарының тағайындалған күні мен уақыты туралы істерге қатысы бар тараптарға қосымша ақпарат жолданады. Қысқа мерзімде қаралуы тиіс іс материалдары, яғни Қылмыстық-процессуалдық кодексінің 107-бабы негізінде қаралатын материалдарды судья Талдықорған қалалық сотының ғимаратында қашықтықтан жұмыс режимінде қарайтын болады.

Айта кететін жайт, облыстық соттағы шектеу шараларының мерзімі мен режимі өңірдегі короновирус жағдайына байланысты өзгертілуі мүмкін.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Айдос Сәдуақасов елімізде коронавирус жұқтырғандардың қатарында судьялар мен сот қызметкерлері де бар екенін хабарлаған.

Ол әзірге соттардың офлайн режимінде іс жүргізе алмайтынын атап өткен еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысының соты карантинге жабылды