Выйти
RU

"Халықтың табысы желініп жатыр": Есеп комитетінің төрайымы мәлімдеме жасады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандықтардың артық ақша жинауға мүмкіндігі жоқ, өйткені халықтың табысы жартылай "желініп жатыр". Парламент мәжілісінде баяндама жасаған есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова осындай мәлімдеме жасады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Комитет төрайымы халықтың нақты табысы 5,5 пайызға өскенін атап өтті.

"Бұл өте маңызды. Өйткені бізде халықтың нақты кірісі өспеген кездер болды", – дейді Годунова.

Алайда, оның айтуынша, халықтың шығынында азық-түлік тауарларының үлесі 50 пайызға дейін ұлғайған.

Дамыған елдерде бұл көрсеткіш 10 пайызды құрайды.

"Тіпті, Ресей мен Беларусьте бұл цифр азаматтардың табысының үштен бірінен аспайды. Бұл нені білдіреді? Халықтың табысы жартылай "желініп жатыр", сол себепті азаматтардың өз жинағын арттыруға мүмкіндігі жоқ", – деді ол.

Годунованың айтуынша, халықтың тұрмыс деңгейін жақсарту, негізінен, несиелеу есебінен қамтамасыз етіліп жатыр. Ал халықтың қарызға батуы әлеуметтік проблемаларға әкеп соғады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанда күнкөріс шегі қалай өзгергенін жазғанбыз.

Биылғы жылы сәуір айында өмір сүру деңгейі 32 668 теңгеге дейін көтерілген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Халықтың табысы желініп жатыр": Есеп комитетінің төрайымы мәлімдеме жасады