2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Алматыда жазда карантин режимі күшейтіле ме

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматының бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин бүгін онлайн брифинг кезінде оңтүстік астанада жазда карантин күшейтілуі мүмкін бе деген сауалға жауап берді деп хабарлады KAZ.NUR.KZ.

Жазда карантин режимі күшейтіле ме

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

"Жалпы, төтенше жағдай аяқталып, карантиндік режимге өткеннен кейін біз инфекцияның одан әрі таралмауы үшін қала тұрғындарынан сақтық шараларының қадағалануын сұрадық. Егер вирус жұқтырғандар саны ары қарай тіркеле беретін болса, біз сақтық шаралары жөнінде еске салуды жалғастыра береміз.
Көптеген елдерде қатаң шаралар қабылданғанын және солардың арқасында жағдайдың бірқалыпты бола бастағанын көруге болады. Біздің тарапымыздан да шаралар қолданылуда. Біз қызметтің барлық бағыттары - сауда, тамақтану, білім, өнеркәсіп және құрылыс, мәдениет және спорт бойынша қажетті нұсқаулықтарды жасадық.
Біз әкімшіліктің өзі және осы ұйымдарда жұмыс істейтін адамдардың өздерін, отбасы мүшелерін және басқаларды қорғауға мүмкіндік беретін нұсқаулықтар жасадық", - дейді Бекшин.

Оның айтуынша, бұл талаптар бүгінгі күнге дейін сақталып келеді.

Сондай-ақ, Бекшин 30 мамыр күні вирус жұқтырғандар саны ең жоғары - 4,6%-ды көрсеткенін хабарлады, ал соңғы аптада күнделікті өсім 3%-дан аспаған.

Тағы да оқыңыздар

Дұрыс тамақтану ережелері

Алматының бас санитарлық дәрігер эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы қала тұрғындарының өзіне байланысты болатынын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Жандарбек Бекшин Алматыда карантинның әлі аяқталмағанын, керісінше белгілі бір деңгейде күшейе түскенін хабарлаған болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда жазда карантин режимі күшейтіле ме