Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл атауға лайықты емес": Белгілі режиссер Ұлттық киноны қолдау орталығын сынады

Опубликовано:

Қазақстандық белгілі кино режиссері Елзат Ескендір Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығын сынады. Кино саласының маманы акционерлік қоғамның жұмысына көңілі толмайтынын ашық жеткізді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Елзат Ескендір
Фото: Facebook/Елзат Ескендір: Instagram

Бұл туралы Елзат Ескендір Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы ұйымдастырған II-питчинг – қазақ тілінде қорғалған жобалардың болашағы жоқтығын, өндіріске жіберілмейтіндігін, қазақ тілінде жазылған сценарийлердің оқылмайтындығын, жалпы ондағы 12 адамнан құралған Эксперттік Кеңес мүшелерінің 10-ы қазақша оқып, түсінбейтіндігін, ал түсінеді деген 2 адамның өзінде ешқандай салмақ жоқ екендігін, және сол мүшелердің Ұлттық кино деген түсініктен мүлде ада, мәңгүрттігін, ең бастысы, бұл орталық өзінің "Ұлттық кино" деген атауға лайықты емес, ұлттың атын жамылған көзбояушы орталық екендігін көрсетті", - деп сөзін бастады ол.

Режиссердің айтуынша, Мәдениет және спорт министрлігі кадр таңдауда қателескен.

Елзат Ескендір бұл мамандар – Ұлттық Киноны түсінетін, оны жасайтын маман емес екенін жасырмай жеткізді.

"Осы министрліктегі кино саласына жауапты оны бақылап, қадағалап отыратын мәдениет және өнер істері департаментінің да қайда қарап отырғаны белгісіз?! Бұл орталық – мемлекет бюджетіне қатысы жоқ, өз алдына тәуелсіз, жеке тараптардан қаржыланатын Фонд болса бір сәрі, онда қандай бағыттағы жобаны іске асырам десе де өз еріктері, керісінше, тікелей министірлікке қарайтын, соның жанынан құрылған, түгелдей мемлекет тарапынан қаржыланатын Фонд емес пе еді?!
Экспертік кеңестің өзара талқысында Орталық өздерінің таным-талғамына сай жобаларды іріктеді дейік, алайда 25-мамыр күнгі министрдің және бірнеше депутаттың қатысауымен өтеді делінген водомствоаралық отырыста министірлік өкілдері Орталық басшысы қорғаған ондағы жобалар Ұлттық Кино деген атауға сай болуы керектігін неге бақылап, соған баса назар аудармайды?!

Жоқ, әлде олар "Ұлттық кино" деген ұғымды түсінбей ме? Мүмкін олар үшін "Ұлттық кино" деген тіркес жәй ғана сөз немесе жұрт алдында көпшіліктің көзін алдау үшін қолданылып, былай шыққан соң бұрынғы соқпақтың ізін жалғастыру ма?

Егер ұлттық кино дегенді түсінік таяз болса, онда онық анықтамасы мынау болуы шарт. ұлттық кино дегеніміз – туындыда ұлттың, бізше қазақ халқының дәуірлерге жалғасып, қанымызға сіңген ұлттың өздік эстетикасы, этикасы, философиясы мен психологиясы көрініс табатын, тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік үні бейнеленетін, осы халықтың өз тілі қолданылатын, түйіндей айтқанда Қазақтың Жаны суреттелетін фильмдер.
Ал, бұрнағы жылдары шала-шарпы қабылданған "Кино туралы заңдағы" Ұлттық фильмдер атауына берілген анықтама өте әлсіз әрі қарабайыр болды. Алдағы уақытта сол заң қайта қаралып, Ұлттық Киноға жоғарыдағы анықтама берілуі тиіс", - дейді режиссер.

Кино саласының маманы жобаның алдағы тағдырын уақыт көрсететінін мәлім етті.

"Біздің ендігі айтпағымыз мынау. Қалай болғанда да бұл Орталықтың басына қазақтың мәдениеті мен әдебиетіне қанық, өнерге деген өресі жоғары Ұлттық танымдағы менеджер келу керек. Бұл заман талабы. Ұлттық аудиториямен санаспай болмайды.

Мәдениет министірлігі шынымен Мәдениет тудырғысы келсе – бүгін бар, ертең жоқ емес, халықпен бірге жасап, оның рухани құндылығына айналатын көркем туындылар жасауға мүдделі болуы тиіс. Оның ең басты шарты – Ұлттық Кино тудыру.

  • Ал кино фонд пен Айманов атындағы киностудияның арасында болып жатқан дауға байланысты ендігі ретте бұл Орталық "Қазақфильмге" қайтып келген немесе тәуелсіз өмір сүруін жалғастырғанның өзінде де бұндағы басшылар Ұлттық Киноға деген өз ойларын өзгертуі, не басшылық құрам түгелдей ауысып, ондағы концепция қайыра қарастырылуы тиіс.

Ал Экспертік кеңес мүшелері мүлде қайыра жасақталуы қажет. Бәрі емес, бірақ жартысынан көбі. Олардың құрамында қазақ мәдениетін, өнерін терең түсінетін Әлия Бөпежанова, Назира Мұқышева, Әсия Бағдәулетқызы, Гүлзат Көбек сынды өнертанушы, сыншы мықты мамандардың болуы маңызды.

Әрине, шетелмен байланыс жүргізуге сауатты, прокат, жобаларды дамыту ісіне білгір азаматтар қалсын сол кеңесте. Ал Ұлттық Кино дегеннің не екенін түсініп, айырып беретін жоғарыда аты аталған мамандар болуы тиіс. Осындай мамандар бұл орталықа тартылмаса қазақ киносы қазаққа жат күйінде қала бермек. Ойымыз осы", - деп сөзін түйіндеді режиссер.

Еске сала кетсек осыған дейін "Бәйтерек", "Әкем екеуміз" фильмдерінің режиссері әрі сценаристі Данияр Саламат Ұлттық киноны қолдау орталығының былығын ашқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859751-bl-atauga-lajykty-emes-belgili-rezisser-lttyk-kinony-koldau-ortalygyn-synady/

pixel