Выйти
RU

Елімізде анонимді электронды әмияндардың ақша аударымына тыйым салынады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мәжіліс депутаттары анонимді электронды әмияндар арасында ауысуға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады. Құжат Сенатқа берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда анонимді электрондық әмияндар арасында ақша аударымдарына тыйым салынады

Фото: NUR.KZ

Парламенттің төменгі палатасының депутаттары жаңа заң жобасын ұсынды.

Құжатта заңсыз жолмен алынған кірістерді жылыстыру немесе Қазақстаннан ақша шығару қаупін азайтуға арналған норма бар, сондай-ақ пайдаланушыларды жеке тұлғасын айқындауға жаңа талаптар енгізілді.

Сонымен бірге, анонимді электронды әмияндар арасында ақша аударымдарына тыйым салынады және транзакциялар көлеміне шектеулер қойылады.

Заң жобасының бірқатар нормалары шетел валютасымен ипотека алған азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған. Сонымен, егер депутаттар ұсынған нұсқа бойынша құжат қабылданса, банктер шетелдік валютадағы ипотекалық несиелер бойынша қазақстандық қарызды бір жақты тәртіпте 2015 жылғы 18 тамыздағы бағам бойынша теңгемен қайта есептей алады (бір доллар үшін шамамен 188,35 теңге).

Еске салсақ, Парламент мәжілісінде баяндама жасаған есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова қазақстандықтардың артық ақша жинауға мүмкіндігі жоқ екенін, өйткені халықтың табысы жартылай "желініп жатқанын" айтқан еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде анонимді электронды әмияндардың ақша аударымына тыйым салынады