Выйти
RU

Елордада бір отбасы мүшелерінің жаппай вирус жұқтыру дерегі көбейген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Елордада бүтін бір отбасының барлық немесе бірнеше мүшесінде коронавирус инфекциясы расталған жағдайлар көбейді. Астаналық бас дәрігер Сәуле Қисықованың айтуынша, ақ халаттылар күн сайын инфекцияның "отбасылық ошақтарын" анықтауда деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қысықова: Коронавирустың таралуының басты ошағы отбасы болып отыр

Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Қисықова дәрігерлердің күн сайын бірнеше отбасы мүшелерінің коронавирус жұқтырғанын анықтап жатқанын мәлімдеді.

Жаңа инфекциялардың басым бөлігі дәл инфекцияның "отбасылық ошақтарында" пайда болған.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы адамдар вирусты көбінесе карантин кезінде өткізуге болмайтын отбасылық іс-шараларда жұқтырып алатынын айтты.

"Инфекцияның жаңа ошақтары байқалады, бұл отбасылық ошақтар, күн сайын біз ауруды жұқтырған отбасының екі немесе кейде 5-7 мүшелерінен вирус анықтаймыз. Отбасылық мерекелері өткізу кезінде індет жұқтырғандар байқалды, бұған мүлдем жол беруге болмайды",– деді Қисықова.

Сонымен қатар, ол дәрігерлердің ақыл-кеңестерін елемеу салдарынан кейбір отбасы мүшелері ауруды басқаларға жұқтыратынын айтты.

Мысалы қарттар немесе жүкті әйелдер ауру жұқтырып алса, оларға бұл індеттің арты өлім апаруы ықтимал екенін де еске салды.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы өз денсаулығына жаны ашымайтын астаналықтарды жақындарының денсаулығы жайлы ойлануға шақырды.

Тағы да оқыңыздар

Тележүргізуші Дана Нұржігіттің өмірбаяны

  • Бас дәрігер вирустың жап-жас әрі дені сау адамдардың өзін мұрттай ұшыратынын ескертті. Сонымен қатар ол азаматтардан өзін-өзі емдеуден аулақ болуды сұрады.

Елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, вирус көбінесе 18 бен 59 жас аралығындағы адамдарда кездеседі.

Нұр-Сұлтанда ауру жұқтырғандардың 66%-ы дертінен айығып, қазіргі таңда ауруханалардан жазылып шыққан.

Басқарма басшысы қарапайым ережелер вирустан қорғауға көмектесетінін еске салды: гигиенаны сақтау, бетперде мен қолғап кию, адам көп жиналатын жерлерден аулақ жүру.

Еске сала кетсек, Қарағандыдағы Балалар ауруханасының реаниматология бөлімінің меңгерушісі Елизавета Кальмбах қазіргі таңда коронавирустан ем алуда. Жансақтау бөлімінде жатып, жағдайы жақсарған дәрігер коронавирус жайлы айтып берген болатын.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елордада бір отбасы мүшелерінің жаппай вирус жұқтыру дерегі көбейген