RU

Қазақстандағы ұлттық саябақтарды АҚШ үлгісімен жасамақшы

Қазақcтан экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің басшысы елдің ұлттық саябақтарына күрделі құрылыс салуға қарсы екенін айтты. Ол есеп беру жиынында кәуап-мейрамхана бағдарынан кетіп, АҚШ-тағыдай аумақ бойынша туристік соқпақтар жасауға назар аудару қажет екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Елдің ұлттық саябақтарында АҚШ үлгісімен туристік соқпақтар жасалуы мүмкін
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Петр Карандашов: Depositphotos

Министр Мағзұм Мырзағалиев министрлік ел экобелсенділерінің Қазақстан ұлттық саябақтарында ландшафтқа сай келмейтін күрделі құрылыстар мен объектілерді тұрғызбау туралы ұсынысын қолдайтынын мәлімдеді.

"Біз ұлттық саябақтарды қоршаған ортаға жүктемесіз дамытуды, шақырымдаған соқпақтармен серуендеп, жайлы жазғы орындарда демалуды қолдаймыз",- деді ол.

Министрлік ұлттық саябақтарды америкалық үлгі бойынша жайғастырмақ. Яғни, аумақта күрделі құрылыстар болмайды, бірақ кемпингтер, глэмпингтер, этноауылдар мен шатырлы лагерлер арқылы өтетін жолдар болады.

Айта кетейік, халық көп жиналмас үшін Қапшағай су қоймасы жабылды. Енді алматылықтар демалыс күндері Қапшағай су қоймасына бара алмайды.

"Сенбі және жексенбі күндері көптеген тұрғындар суға түсуге барады. Бұл адамдардың бір жерге көптеп жиналуына әкеп соғады. Сондықтан, Алматы облысының санитарлық қызметі мобильді постар қойды. Қапшағай су қоймасына апаратын жолды жапты. Сөйтіп адамдардың жаппай жиналуының алдын алды. Бұл - дұрыс шешім", – деді онлайн-брифинг барысында Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859790-kazakstandagy-lttyk-saabaktardy-aks-lgisimen-zasamaksy.html