Выйти
RU

Алматыда 3 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды: Полицейлер дабыл қақты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Биыл алғашқы жарты жылда Алматыда бес бала терезеден құлап кеткен. Соңғы қайғылы жағдай кеше, 9 маусымда тіркелді. Оқыс оқиға салдарынан 2 жасар бала қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда үш бала терезеден құлап кетті: екеуі қайтыс болды

Фото: Алматы ТЖД баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметіне сәйкес, алғашқы алты айда мегаполисте үш бала тұрғын үй терезесінен құлап, қайтыс болған. Сондай-ақ, тағы екі бала құтқарылған.

Алғашқы қайғылы жағдай наурыздың ортасында орын алды: 3 жасар бала 4-қабаттан құлаған. Оны құтқарып қалу мүмкін болыпты.
Сол айда осы үйдің 6-қабатынан қыз бала құлап кеткен, ол маусым айында 4 жасқа толуы керек болатын. Бүлдіршін дәрігерлер келгенге дейін тіл тартпай кеткен.

Құтқарушылар терезеден құлаудың соңғы үш оқиғасы осы айда тіркелінін анықтады.

Сонымен, мамыр айының 1-і күні 2-қабаттағы пәтердің терезесінен екі жасар бала құлап кеткен.

Ми шайқалу және іштің жарақатымен шұғыл ауруханаға жеткізілген сәби қазір медициналық бақылауда.

Соңғы екі қайғылы оқиға өткен аптада және 9 маусымда болған. Терезеден құлаған екі және бес жастағы қос бірдей бала қайғылы жағдайда көз жұмды. Бұл уақытта ата-аналар үйде болған екен.

Тағы да оқыңыздар

Қорқыт ата туралы не білеміз?

Ведомство мұндай оқиғалардың себебі- балалардың қараусыз қалуында екенін айтады. Мекеме өкілдері алматылықтардан балалардың қауіпсіздігі үшін терезелерге бекіту құрылғыларын орнатуды сұрады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда 3 бала терезеден құлап, екеуі мерт болды: Полицейлер дабыл қақты