2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

Ақтауда 54 жастағы азамат коронавирустан қайтыс болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтауда 54 жастағы азамат коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтауда 54 жастағы азамат коронавирустан қайтыс болды

Көрнекі фото: pixabay.com

Өңірдің бас дәрігері Жамал Жаманбаеваның сөзінше, 29 мамыр күні облыс орталығы тұрғынының дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген, жөтелген.

30 мамыр күні азамат медицина қызметкерлеріне көмекке жүгініпті.

Кейіннен көпсалалы провизорлы стационарға жатқызылған пациенттің коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен.

Ауруханаға жеткізілген соң қала тұрғыны өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, дәрігерлер барлық тиісті шараларды жүргізген.

Алайда, ауруханаға түскеннен кейін 10 күннен соң жүрегі тоқтап қайтыс болған.

Оған қоса, марқұмның ауыр пневмония және екінші типті қант диабетімен ауырғаны айтылды.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда тағы 245 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Қазіргі уақытта жалпы ел аумағында коронавирус жұқтырғандар саны 13 319-ға жетті.

Сонымен қатар, сарапшылар COVID-19 бойынша ең қауіпсіз елдердің тізімін жасады. Орта Азиядағы ең қауіпті мемлекет ретінде Түркіменстан танылды. Рейтингті Deep knowledge group компаниясының мамандары құрастырды. Барлық ортаазиялық мемлекет арасында Қазақстан ең қауіпсіз ел (рейтингтегі 71- орын) ретінде танылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда 54 жастағы азамат коронавирустан қайтыс болды