Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскерден келген жігіт адам танымастай өзгерген (фото, видео)

Опубликовано:

Қазнетте жаңа видео тарап үлгерді. Кадрда әскери борышын өтеп, үйіне оралған жігіт. Қарындасы жас жігіттің әскерге барғанға дейін жүргізуші куәлігіндегі фотосуретін көрсетіп, ағасын видеоға түсірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әскерден келген жігіт адам танымастай өзгерген (фото, видео)
Айнұр Бейсенова ұсынған фотолар: UGC

Қазнеттегі видеода 20 жастағы Жахангир Сарсембаев түскен. Ол қазіргі сымбаты желі үлкен пікірталас тудырды.

Көбі әскердің пайдасын айтып, жас жігітке тәнті болды. Кейіпкердің өзгерісіне қызыққандар арасында әскер қатарына баруға құлшынысы артқан жастар да пікір білдірді.

"Маған дереу әскерге бару керек", "Тәртіп пен салауатты өмір салтының таза көрінісі", "Артық салмақтың керегі жоқ, арты жағымсыз жағдайға апарады. Қайтып оралуыңмен, жауынгер!", "Маған да әскерге бару керек сияқты",– деп желі қолданушылары ойларымен ашық бөлісті.

Бейнежазбаның кейіпкері Екібастұз қаласының тұрғыны екені белгілі болды. Видеоның авторы әскердегі ағасымен кездесуге Алматыдан кеншілер қаласына ұшып келген Джахангирдің қарындасы екен.

Айнұр Бейсенова вокзалда видео түсіріп, оны Instagram парақшасында жариялаған.

Қыздың аккаунты жабық, бірақ бұл шектеу видионың таралуына кедергі болмаған.

"Менің ағам Қарағанды ​​облысы, Долинка ауылында, 6505 әскери бөлімінде қызмет етті. Оның ротасы ант беру кезінде үлгілі болды. Ол әскерде аға мергенге дейін көтерілді. Мен оны көргенде шошып кеттім. Ержеткен, әрине, әскерге кеткен бозбаламен салыстырғанда, айырмашылық жер мен көктей", – дейді Айнұр Бейсенова.

Қарындасы Джахангирдің сыртқы әлпеті ғана емес, сонымен бірге жігіттің құндылықтарын өзгергенін, оның байыпты бола бастағанын айтты. Айтпақшы, жігіттің қалыптасып, артық салмақ тастауына дене шынықтыру және тамақтану көмектесіпті.

Әскерден келген жігіт адам танымастай өзгерген (фото, видео)
Айнұр Бейсенова ұсынған фотолар: UGC
"Менің ағам әскери бөлімдегі ең бастысы дұрыс режим болғанын айтты. Олар таңертең бұршақ сорпасын, жарма, бидай, арпа жеді, сенбі күндері палау жепті.
Саптық дайындық, қашықтыққа жүгіру, турникке тартылып, таңертеңгілік жаттығулар жасаған", – дейді Айнұр Бейсенова.

Әскерге барарда Джахангирдің салмағы 95 келі болыпты. Қызмет барысында ол 25 килограмнан арылған.

Еске сала кетсек, Үндістанның Мисоре, Карнатака қаласының тұрғыны Сушант Сривастава бір жылда 37 келіге қалай арықтағанын айтып берген еді.

Оған қоса, Лондонда тұратын 26 жастағы Харви Куирк ұзақ жылдардан бері артық салмақпен күресіп келген. Жігіттің қазіргі сымбаты мүлдем бөлек. Бұрындары фаст-фуд пен газдалған сусынды жаны сүйген жігіт өзінің сегіз жылда 130 келі жинағанын байқамай да қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859812-skerden-kelgen-zigit-adam-tanymastaj-zgergen-foto-video/

pixel