Выйти
RU

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің өкілеттігін кеңейтетін заңға қол қойды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс жағдайы мәселелері бойынша президенттің өкілетігін кеңейтетін заңға қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің өкілеттігін кеңейтетін заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне соғыс жағдайы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", – делінген Ақорданың хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, заң жобасын Сенат 4 маусымдағы отырыста қабылдаған болатын. Заң жобасы Еңбек кодексіне және алты заңға өзгертулер енгізуді қарастырады: соғыс жағдайы, қорғаныс және қарулы күштер туралы, жұмылдыру дайындығы туралы, мемлекеттік құпия туралы, білім туралы, әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы.

Заң жобасының негізгі мақсаты – соғыс жағдайы саласындағы заңнаманы жетілдіру. Бұл елімізде қауіпсіздікке төнетін қатерге ден қою үшін мемлекеттің қорғаныс әлеуетін қолдау қажеттігінен туындап отыр.

Одан басқа Үкімет қызметі мынадай өкілеттікпен толықтырған: бейбіт уақытта соғыс жағдайы кезеңіндегі министрліктер туралы ережені бекіту, соғыс жағдайы кезеңінде мемлекеттік органды соғыс уақытындағы штатқа көшіруді ұйымдастыру, жергілікті атқарушы органға азаматтық және аумақтық қорғаныс саласын қамтамасыз ету міндетін белгілеу.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қасым-Жомарт Тоқаев президенттің өкілеттігін кеңейтетін заңға қол қойды