RU

Шымкентте модульді жұқпалы аурулар орталығының құрылысы аяқталды

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, коронавирустық инфекцияны төмендету бойынша шараларды күшейту үшін Шымкентте модульді жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Жаңа орталықтың ашылуына еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов арнайы келді.

ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: UGC

Бір қабатты ғимарат 200 төсек-орынға арналған, модульді үлгі бойынша салынды. Госпиталь қаладағы "Ақжайық" шағынауданында бой көтерді. Орталық қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы болып табылады. Мұнда коронавирустық инфекцияға күдікті деген барлық пациенттерді қабылдайтын болады. Ғимараттың жалпы ауданы – 6 мың шаршы метрден астам.

ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: UGC
"Біздің жұқпалы аурулар ауруханасында компьютерлік томография еш уақытта болмаған. Ал бұл жерде цифрлық рентген аппараты бар. Сосын 20 дана өкпені жасанды жолмен желдету аппараты әкелінді", – дейді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді Нұрлыбаев.
ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: UGC

Стационарда барлығы 300-ден астам білікті медицина мамандары қызмет көрсетеді. Госпитальдың бір ерекшелігі – мұнда операциялық блок пен перзентхана бөлмесі бар. Сонымен қатар, реанимациялық залдар "open space" қағидаты бойынша ашылған. Бұл медициналық персоналға пациенттердің жағдайын бақылауды жеңілдетеді.

ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: UGC
"Реанимация бөлімшесі 20 төсек-орынға арналған. Оның екеуі – изолятор. Біздің бөлімше 2 залға бөлінген. 9 төсек орыннан оның барлығы қолдануға дайын", – дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Бекқазы Есімов.
ШЫМКЕНТТЕ МОДУЛЬДІ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
Фото: Шымкент қаласының әкімдігі: UGC

Стационарды жобалау кезінде ғимараттың ішіндегі эпидемиологиялық режимді сақтауға көп көңіл бөлінді дейді мамандар.

Ал госпитальде барлығы 200 төсек бар, олардың 20-ы боксталған палаталарда, ал 20-ы реанимациялық бөлімде орналастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859822-symkentte-moduldi-zkpaly-aurular-ortalygyny-krylysy-aaktaldy.html