Выйти
RU

Қоқыс алаңынан шыққан қалың түтін жаппай жол апатына себеп болды (фото, видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылдың 10 маусымында Алматы маңындағы полигонда өрт басталып, нәтижесінде Қапшағай тас жолында алапат апат болды. Нәтижесінде қалың түтіннің кесірінен көлік тізгіндегендерге жол көрінбеген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қоқыс алаңынан шыққан түтін жаппай жол апатына себеп болды (фото, видео)

Видеодағы кадрлар: instagram.com/kris_p_kz

Алматы облысы ТЖД Іле ауданының төтенше жағдайлар бөлімі басшысы Ғабит Бегалиннің айтуынша, Алматы-Өскемен тасжолының жанындағы өрт туралы түскі сағат екі жарымда белгілі болды.

Мамандардың пікірінше, объектінің жалпы аумағын құрайтын 38 гектардан 3 гектар аумақ өртенген. Көбінесе қатты қалдықтар жақсы жанады, сондықтан өрттен қалың түтін тараған.

Жел жағдайды ушықтырған көрінеді. Себебі өртті сөндіруге тырысып баққан ТЖД қызметкерлеріне кедергі болған. Өртті сөндіруге кем дегенде елу адам жұмылдырылды, олардың 16-сы – облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, тағы отызы – "АДК Таза Әлем" ЖШС қызметкерлері, он адам – ​​жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері.

Оған қоса, арнайы техника тартылды, барлығы – тоғыз бірлік. Олардың арасында екі бульдозер және екі су таситын көлік бар. Қажет болған жағдайда төбеден су жіберуге арналған жабдықтары бар "Казавиазапас" тікұшағы тартылуы мүмкін екені айтылды.

Сонымен бірге, Zakon.kz хабарлағандай, өрттің салдарынан тасжолды қалың түтін басуы бірнеше көлік апатына себеп болған. Жолдың көрінбеуі себебінен полиция жаңа апаттардың алдын алу үшін Қапшағай тас жолын уақытша жабуға шешім қабылдауға мәжбүр етті.

Қазіргі уақытта жол учаскесі жабық.

Еске сала кетсек, жол апатына түскен Михаил Ефремовтың қанынан есірткінің іздері табылды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қоқыс алаңынан шыққан қалың түтін жаппай жол апатына себеп болды (фото, видео)