RU

Коронавирус індетінен елімізде тағы 6 науқас көз жұмды

Қазақстанда коронавирус індетінен қайтыс болғандар саны артты. Соңғы мәліметтер бойынша, вирустан елімізде тағы 6 адам көз жұмды, олардың төртеуі Нұр-Сұлтан қаласынан деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz cайтына сілтеме жасап.

Коронавирус індетінен 6 науқас көз жұмды
Көрнекі фото: pixabay.com: Facebook

Нұр-Сұлтан қаласы – 1973, 1952, 1961, 1950 жылдары туған ерлер,

Батыс Қазақстан облысы – 1941 жылы дүниеге келген әйел,

Қарағанды облысы – 1953 жылы туған ер адам.

Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайларды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады.

Қазақстан бойынша барлығы 67 адам қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859830-koronavirus-indetinen-6-naukas-kz-zmdy.html