Выйти
RU

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде +41 градусқа дейін ыстық болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бейсенбі, 11 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде күн райы жылы, жауын-шашынсыз болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Қазгидрометке сілтеме жасап.

Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде +41 градусқа дейін ыстық болады

Көрнекі фото: pixabay.com

Республиканың кей жерлерінде найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады деп күтілуде. Сондай-ақ, кей өңірлерде жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Дабылды ескерту

11 маусымда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды деп болжануда. Күндіз 35-38 градус ыстық болады.

Қызылорда облысында 11 маусымда шаңды дауыл соғады, қатты жел тұрады – 15-20 м/с.  

Маңғыстау облысында 11 маусымда күндіз аптап ыстық болады, 38-41 градус.

Ақтөбе облысында сынап бағанасы 37 градусқа дейін көтеріледі.

11-12 маусым күндіз Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында + 35 градус ыстық болады.

Өңірлердегі ауа райы

Қызылорда, Павлодар облыстарында, күндіз Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.  

Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Түркістан, Қарағанды облыстарының басым аумағында, Павлодар, Алматы, Ақмола, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 15-17 градус жылы, күндіз 30-32 градус ыстық болады.

Алматыда түнде ауа температурасы 13-15 градус, күндіз 23-25 ​​градус жылы болады.

Шымкентте түнде 14-16 градус, күндіз 30-32 градус ыстық болады.  

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Бүгін еліміздің бірқатар өңірінде +41 градусқа дейін ыстық болады