Выйти
RU

Ефремов ішімдік ішкен бардағы бақылау камерасынан видеолар жоғалып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресейлік тәртіп сақшылары қайғылы оқиға болған күні ресейлік актер Михаил Ефремов ішімдік ішкен бардағы бейнебақылау камераларына түскен видеоларға қол жеткізе алмай отыр. Сондай-ақ, апаттың салдарынан тағы бір қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Апатқа дейін Ефремов ішімдік ішкен бардағы бейнебақылау видеолары жоғалып кетті

Видеодағы кадрлар: Baza telegram арнасы

Барда орнатылған бейнебақылау камераларындағы жазбалар жоғалып кеткені туралы РЕН ТВ басылымы хабарлады. Бұл жайт полиция видео жазбаларды алуға барған кезде белгілі болды.

Мекемеде жазбалардың көшірмелері жоқ, ал серверлерге кіру қолжетімсіз.

Ал, көше камераларынан түсірілген жазбалар актер өз көлігімен келіп, бардың жанына тоқтап, мекемеге кіріп, онда жарты сағаттан астам уақыт болғанын растайды.

Басылымның хабарлауынша, бар актердің үйіне жақын орналасқан, бірақ ол әрдайым мұнда көлігімен келген екен.

Сонымен бірге, бұл қылмыстық іс аясында есірткі сату туралы іс қозғалғаны белгілі болды.

Бұл туралы РИА Новости Ресейдің ІІМ-нің басты департаментінің ресми ақпаратына сілтеме жасай отырып жазады.

Органдағылар тыйым салынған заттарды актерге белгісіз біреулердің сатқанын айтты.

Еске салсақ, Мәскеу орталығында кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты тың деректер пайда болды. Жол апатына себепкер болған Михаил Ефремовтың қанынан есірткінің іздері табылған еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ефремов ішімдік ішкен бардағы бақылау камерасынан видеолар жоғалып кетті