Выйти
RU

Елімізде COVID-19 вирусының белгілері жоқ науқастар саны 2500-ден асты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

2020 жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша елімізде жалпы статистикаға қосылмаған коронавирус індетінің белгілері жоқ 393 тасымалдаушы тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Осы сағатта елімізде жалпы ауру белгілері жоқ тасымалдаушылардың саны 2529-ға жетті:

Нұр-Сұлтан қаласы - 332 (+39) Алматы қаласы - 291 (+43) Шымкент қаласы - 365 (+63) Ақмола облысы - 28 (+8) Ақтөбе облысы - 44 (+16) Алматы облысы - 165 (+37) Атырау облысы - 224 (+63) Шығыс Қазақстан облысы - 107 (+8) Жамбыл облысы - 39 (+7) Батыс Қазақстан облысы - 230 (+15) Қарағанды ​​облысы - 303 (+24) Қостанай облысы - 21 (+6) Қызылорда облысы - 81 (+13) Маңғыстау облысы - 115 (+32) Павлодар облысы - 30 (+5) Солтүстік Қазақстан облысы - 80 (+1) Түркістан облысы - 74 (+13)

Cоңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 13558 адамнан анықталды. Олардың 8345-і ауруханадан шықса, 67 науқас көз жұмды.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекция жұқтыру деректерінің көбею себептеріне қатысты пікір білдірген болатын.

Ол Армения, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты бірнеше елдің үкіметтері коронавирусқа қарсы тиісті шараларды уақытылы қабылдап жатқанын атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Елімізде COVID-19 вирусының белгілері жоқ науқастар саны 2500-ден асты