2020 жылғы 13 шілде – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні

Выйти
RU

"Жұлуға болмайды": Белгілі дәрігер ақ шашпен күресудің жолдарын атады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Трихолог-дәрігер Ольга Кохас ақ шаштың пайда болуының алдын алу үшін құрамында мыс бар лосьондарды қолдануға болатынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Известия басылымына сілтеме жасап.

Дәрігер ақ шашпен күресудің жолдарын атады

Көрнекі фото: pixabay.com

Ол ақ шашты жұлып тастау онымен күресудің тиімді жолы емес екенін атап өтті.

Егер басыңызды ақ шаш баса бастаса, онда ол процесс не баяу жүреді не күйзеліске түскен жағдайларда жылдамдайды.

"Күйзелістің кесірінен жасушалар дұрыс жұмыс істемей, қан айналымы бұзылады. Күйзеліске жиі ұшырайтын адамдардың шаштары ерте ағарады", — деп трихолог-дәрігердің сөзін жеткізді Sputnik радиосы.

Кохастың айтуынша, мыс түстерді өндіру бойынша жасушалардың жұмысына көмектеседі, сондықтан ақ шаштың алдын алу үшін бұл элемент бар шашқа арналған лосьондарды қолдануға болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мамандар коронавирустың тақырбас адамдарға қандай зияны бар екенін мәлімдеген еді.

Аталық гормондар (андрогендар) коронавируспен күресуге көмектеседі. Олардың организмде жетіспеушілігі шаш жоғалтуға әкеп соғады.

Браун университетіндегі профессор Карлос Бамбьердің жетекшілігіндегі зерттеушілер тобы тақырбастарда коронавирус ауыр өтуі мүмкін деген тұжырымға келді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жұлуға болмайды": Белгілі дәрігер ақ шашпен күресудің жолдарын атады