Выйти
RU

Алматы облысында блок-бекеттер қайта қойыла ма: Әкімдік өкілі жауап берді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде Алматы облысында қайтадан блок-бекеттердің қойылатыны туралы хабарламалар тараған. Осыған байланысты өңір әкімдігі пікір білдіріп, бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Бұл туралы ақпарат мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Хабарламада блок-бекеттер Шамалған, Қаскелең және Ұзынағашқа баратын тас жолдарға қойылуы мүмкін екені айтылған.

Алайда, Алматы облысының әкімдігі NUR.KZ редакциясына бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді.

"Жіберілген ақпарат фейк", - деді Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ғалымұрат Жүкел.

Cоңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 13558 адамнан анықталды. Олардың 8345-і ауруханадан шықса, 67 науқас көз жұмды.

Ал Алматы облысында 483 адам тіркелген.

Еске сала кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы еуропалық бюросының директоры Ханс Клюге бірқатар елдерде, соның ішінде Қазақстанда инфекция жұқтыру деректерінің көбею себептеріне қатысты пікір білдірген болатын.

Ол Армения, Қазақстан және Әзірбайжан сияқты бірнеше елдің үкіметтері коронавирусқа қарсы тиісті шараларды уақытылы қабылдап жатқанын атап өтті.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматы облысында блок-бекеттер қайта қойыла ма: Әкімдік өкілі жауап берді