RU

"Жағдайымды жасап берген": Өзін-өзі мақтаған Жігер Ауыпбаев күлкіге қалды

Отандық танымал әнші Жігер Ауыпбаев желіде ең жақын жанашыры туралы жүрекжарды жазба жариялады. Алайда, өнер иесі өзіне әрдайым көмек қолын созатын бірден-бір жан - тек өзі ғана екенін айтып таңғалдырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/jiger_auypbaev_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ
Фото: Instagram/jiger_auypbaev_official. Коллаж: KAZ.NUR.KZ: Instagram

Жігер Ауыпбаев Instagram парақшасында өзінің құрметіне жазба арнап, қалың жұртшылықтың қызу талқысына түсті.

"Мелосмен" квартетінің бұрынғы мүшесі өзін жер-көкке сыйғызбай мақтап, ақ тілегін жаудырған.

"Менің бұл өмірдегі ең жақын жанашырым, мені қатты жақсы көретін,мен үшін уайымдап күндіз-түні айырылмай ақыл-кеңес беріп жүретін, Алладан алақан жайып сұрап,бұйырғанымен жағдайымды жасап беріп жүрген бір қадірлі жан бар. Ол - Өзім!
Құрметті өзімнің өзімім! Менің де саған деген құрметім шексіз. Сен өзімізсің ғой. Саған зор денсаулық, қажымас қайрат, бармақтай болса да бақ тілеймін. Мынау әлемді шыр айналып өтуге Бармақтай бақтың өзі жеткілікті. Аман бол! Құрметпен өзіңнің өзімің" , - деп жазды ол.

Желі қолданушылары Жігер Ауыпбаевтың жазбасын қызу талқыға салып, оның өзіне деген махаббатын ерекше атап өткен.

"Өзін қатты жақсы көреді екенсіз" , "Тым мақтап жіберген жоқсыз ба?" , "Өзіңізді өзіңіз мақтап, көңіл жетіспей жүрген секілді" , "Қызық екен өзіне жазба арнаған" , "Күліп алдым" , - деп пікір білдірді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859869-zagdajymdy-zasap-bergen-zin-zi-maktagan-ziger-auypbaev-klkige-kaldy.html