Выйти
RU

Терезеден секірген: Семейде моншаға түскен тұрғындар өртеніп кете жаздады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Тәртіп сақшылары Семейдегі моншалардың бірінде болған өрттің мән-жайын анықтап жатыр. Оқиға салдарынан мекемеге келушілер зардап шеккен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы КТК-ға сілтеме жасап.

Дүрбелең басталып, терезелерден секірген: моншаға келушілер Семейдегі өрттен зардап шекті

Видеодағы кадрлар: КТК арнасы

Өрт салдарынан 29 мен 65 жас аралығындағы үш әйел зардап шекті. Олардың екеуі терезеден секіріп, аяғын сындырған. Үшіншісі қатты күйіп қалған, қазір ауыр халде жатыр. Науқас жансақтау бөліміне жатқызылды. Әйелдердің мекемеге қалай келгені туралы мәлімет жоқ. Оқиға орнына өрт сөндірушілерді қызыл жалынды байқаған куәгерлер шақырған.

Айта кету керек, келген өрт сөндіру тобы монша ішінен газ баллонды алып шықты. Тілсіз жау бір жарым сағат ішінде құрықталды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, өрттің себебі отты абайсыз қолдану және мас күйінде темекі шегумен байланысты.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ, кеше, 10 маусымда елордаға жақын орналасқан "Astana Resort" демалыс аймағында түстен кейін өрт шықты деп хабарланған болатын. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 45 адам эвакуацияланды. Өртті ауыздықтауға ондаған өрт сөндіруші жұмылдырылды.

Сонымен қатар, кеше Алматы маңындағы қоқыс полигонында үлкен өрт шығып, нәтижесінде қалың түтін тұмандай болып, Қапшағай тасжолында жаппай көлік апаты орын алды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Терезеден секірген: Семейде моншаға түскен тұрғындар өртеніп кете жаздады