Выйти
RU

Шымкентте 3 рет өлді деп жарияланған тұрғын тірілер қатарына кіре алмай әлек болды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкент тұрғыны Анатолий Поваров өлі деп жарияланды. Және бұл бірнеше мәрте қайталанған. Ер адамның сөзінше, ол ең алғаш рет өткен жылы, содан кейін осы жылдың ақпан айында, ал үшінші рет енді мамыр айында "жер қойнына тапсырылыпты" деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Шымкент тұрғыны бірнеше рет өлді деп жарияланған

Көрнекі фото: pixabay.com

Анатолий Поваровтың оқиғасы Otyrar.kz басылымында жарияланды.

Айтуынша, ер адам өзінің өлгендер қатарында жүргенін картасынан зейнет ақыны алмақ болғанда білген.

Зейнеткердің картасы белгісіз себептермен бұғатталып тұрыпты. Ол жағдайды анықтау үшін өтініш жасаған, ал банк қызметкері оның өлі адамдар тізімінде тұрғанын хабарлапты.

Сол сәттен бастап жағдай үш рет қайталанған. Ер адамның сөзінше, ол тек уақытша ғана тірілердің тізіміне ілігеді екен.

Кейін түсініксіз себептермен "өлді"-лердің қатарына қосылады. Оның сөзінше, ол бөлімшеге келген кезде барлығы күліп, оның ұзақ өмір сүретінін айтатын көрінеді.

Алайда ер адамға жүйедегі мұндай қателіктер ұнамайды. Себебі ол қолма-қол қаражатты картадан шешіп ала алмай, қарызға батқан.

70 жастағы зейнеткердің туысы Ирина Ревенконың айтуынша, "Тірілту" рәсімі барлық инстанцияларға барумен және өтініштер жазумен екі айға созылуы мүмкін. Ер адам өзін тірілердің қатарына қосқаннан кейін шотынан ақша шешіп алады, алайда содан кейін жағдай қайталанады.

Сонымен бірге, төлем орталығы ер адамға зейнетақы үнемі төленетінін айтады, алайда оны зейнеткер алатын кезде қиындықтар пайда болады.

Анықталғандай, Алматы облысында шымкенттік қарияның аттасы қайтыс болып, оның статусы зейнеткердің мәліметтер базасында көрініп тұрған.

  • Бұл жерде басқа адамның деректері қате енгізілгендігі және зейнеткердің тірі екендігі дәлелденгені белгілі болды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Түркістан облысында 63 жастағы алаяқ зейнеткердің ұсталғаны туралы хабарлаған едік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Шымкентте 3 рет өлді деп жарияланған тұрғын тірілер қатарына кіре алмай әлек болды