RU

"Өлтіремін деді": Алматылық ару жігіті аяусыз ұрғанын айтып, жұрттан көмек сұрады

Алматылық ару бір жыл бойы сүйіктісінің ұрып-соққанын айтып, желіде жазба қалдырды. Ол хабарламасында өз өмірі үшін алаңдайтынын жеткізген. Осыған байланысты мегаполистің полициясы да пікір білдіруді ұмытпады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: instagram.com/aidinovnab
Фото: instagram.com/aidinovnab: UGC

"Мен енді үнсіз қала алмаймын", - деп жазбасын бастаған бойжеткен. Алматылық арудың сөзінше, ол жігітінің соққыларына шыдауға мәжбүр болған.

Қыз бала өзінің Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында сүйіктісі тек ұрып қана қоймай, телефоны мен ақшаларын тартып алатынын мәлім етті.

Одан бөлек, бойжеткенді ер адам өлтіремін деп қорқытқан көрінеді.

Алматылық өз өмірі үшін қорқатынын мойындап, сонымен қатар егер жігіті бұндай қадамға барса кімді кінәлайтындығын білмейтінін жеткізген.

"Бұны тоқтатуға көмектесіңіздер", - деп қыз бала желі қолданушыларынан жазбаны таратуға көмектесулерін сұраған.

Сонымен қатар, алматылық ару сүйіктісімен арада болған әңгімесін жариялады. Видео кадрынан ер адамның бойжеткенді қалай қорқытқанын естуге болады.

Осыған байланысты редакция қалалық полиция департаментінен пікір білдіруді сұрады.

"Полицияға 10.06.2020 жылы А. есімді азаматтан арыз түсті. Қазіргі уақытта Алмалы аудандық полиция бөлімінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот процесінің аясында істің мән-жайын анықтау және қылмыскерді жауапкершілікке тарту бойынша бірқатар шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, тиісті сараптамалар жүргізіледі", - деді ведомсто.

Ескертеміз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Еске сала кетсек, осыған дейін Шымкент қаласында қонаққа барған әйелді танысы зорлап тастағанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859880-ltiremin-dedi-almatylyk-aru-sjiktisi-aausyz-rganyn-ajtyp-zrttan-kmek-srady.html