RU

Түркістан облысында таяқ ұстаған ауыл тұрғындары жаппай төбелесті (видео)

Түркістан облысындағы ауылдардың бірінің жанында егін суаруға арналған су үшін тұрғындар арасында төбелес шықты. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Тәртіп сақшылары оқиғаға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Түркістан облысында таяқ ұстаған ауыл тұрғындары жаппай төбелесті (видео)
Видеодағы кадрлар: polisia.kz: UGC

Тәртіп сақшыларының хабарлауынша, 29 мамыр күні Жетісай ауданындағы егістік алқабында қолына таяқ ұстаған ер адамдар ұрыс бастап кеткен.

Полицияға оқиға туралы дабыл түскеннен кейін тәртіп сақшыларының жолға шыққаны хабарланды.

Ауыл тұрғындары арасындағы жанжалдың тұтануына егістік суаруға арналған су себеп болған. Кейін "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қақтығыс кезінде 12 адам зардап шеккені белгілі болды. Алған жарақаттарының ауырлығын білу үшін полиция сараптама тағайындады.

Ұрысқа қатысқан бес адам ауруханаға жатқызылды. Қалғандары дәрігерлер қажетті көмек көрсеткеннен кейін босатылған.

Сондай-ақ, екі ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қақтығыстың барлық қатысушылары мен кінәлілерін анықтайтын болады. Оқиғаның жай-жапсары егжей-тегжейлі анықталуда.

Еске салсақ, оңтүстік астанада белсенділердің бірінің тәртіп сақшысына қол көтерген сәті видеоға түсіп, әлеуметтік желілерде тарап кетті. Әйел адам бұл әрекетінен кейін қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859884-trkistan-oblysynda-taak-stagan-auyl-trgyndary-zappaj-tbelesti-video.html