Выйти
RU

Ақтөбеде түрмеге әріп танымай түскен 41 жастағы азамат қызымен бірге мектеп бітірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі түзету мекемелерінің бірінде сотталушылар мектеп бітірді. Жазасын өтеп жатқандардың отыздан астамы орта білім алмағандар болып шықты. Солардың бірі – бірнеше рет істі болып, қайталап абақтыға қамалған 41 жастағы ер адам биыл үлкен қызымен бірге 11-сыныпты тәмамдады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақтөбеде түрмеге әріп танымай түскен 41 жастағы ер адам қызымен бірге мектеп бітірді
"Бостандықта жүргенімде әріп танымайтын едім. Осы түзету мекемесіне келгеннен кейін ғана әріп үйреніп, кітапханадан кітап алып оқи бастадым. Бұл аттестаттың маған бостандыққа шыққанда көмегі тиетініне сенімдімін. Екі қыздың әкесімін. Үлкен қызым биыл 11-сыныпты аяқтады. Қызыммен бірге аттестат алып жатқанымды хабарлауға ұялдым. Бірақ, бостандыққа шыққаннан кейін айтатын шығармын", – дейді 41 жастағы жазасын өтеуші.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты КА-168/2 түзету мекемесі кешкі мектепті бітірген бір топ сотталушыға аттестат табыстады. Елде тараған індетке байланысты салтанатты шарада барлық санитарлық талаптар сақталды.

"Еліміздің заңы бойынша сотталғандар да орта білім алуға міндетті. Жазасын өтеушілер арасында сауат ашудың қажеттілігі туралы тәрбие жұмыстары жүргізіледі. 30 жастан асқан сотталғандар арасында орта білім аттестаты жоқ адамдар бар. Жалпы кешкі мектепті оқу кезінде жазасын өтеушілер негізінен – тарих, география, математика, «Адам, қоғам, құқық» пәндеріне қызығушылығы жоғары болды. Сондай-ақ, «Табиғат құпиялары» секілді факультативті сабақтар да оларды жақсы қызықтырады", – дейді КА-168/2 мекемесінің әлеуметтік-психологиялық және тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы, әділет майоры Қанат Макатов.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратованың айтуынша, биыл КА-168/2 түзету мекемесінде 31 сотталушы кешкі мектепті аяқтаған. Олардың 16-сы 11-сыныпты тәмамдаса, қалғандары 10-сынып бітірген.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрінің орынбасары онлайн-брифинг барысында өмір бойына сотталғандарды ұстайтын "Қара бүркіт" колониясының 19 қызметкері крорнавирус жұқтырғанын мәлімдеген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбеде түрмеге әріп танымай түскен 41 жастағы азамат қызымен бірге мектеп бітірді