RU

БАҚ: Жол апатына түскен Ефремов өз-өзіне қол жұмсамақ болды

Танымал ресейлік актер Михаил Ефремов жол апатына түскеннен кейін өз-өзіне қол жұмсамақ болды деп хабарлайды ресейлік БАҚ. Олардың ақпаратынша, әртіске психиатриялық көмек көрсетілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

БАҚ: Жол апатына түскен Ефремов өз-өзіне қол жұмсады
Фото: Baza telegram арнасы, Mash telegram арнасы: UGC

Актердің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын Mash telegram арнасы дәрігерлердің сөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Басылымның мәліметінше, апаттан кейін әртіске жедел жәрдем шақырылып, олар өз кезегінде психиатрия бөліміндегі әріптестеріне хабар береді.

Дәрігерлер актердің мойнынан асылған кезде пайда болатын терең ізді анықтаған. Ал әртістің өзі ес-түссіз жатыпты.

Михаил Олегович есін жиған кезде мойнындағы таңбаның қайдан шыққанын түсіндіре алмады.

Алайда ол апат салдарынан, мысалы, мойындағы алқадан немесе қауіпсіздік белдігінен пайда болуы да мүмкін.

Басылым жақын арада актермен психиатрлар жұмыс істейтін болады деп жазады.

Бүгін, ЖКО фактісі бойынша істі тергеу шеңберінде тағы бір іс - есірткі өткізу бойынша қозғалды.

Белгілі болғандай, сараптама актердің қанынан тек ішімдік қана емес, марихуана мен кокаин іздерін де анықтаған.

Сондай-ақ, актер барған бардағы бақылау камераларының жазбалары қайғылы оқиғаға дейін жоғалып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, Мәскеу орталығында кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты тың деректер пайда болды. Жол апатына себепкер болған Михаил Ефремовтың қанынан есірткінің іздері табылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1859891-bak-zol-apatyna-tsken-efremov-z-zine-kol-zmsamak-boldy.html