Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сәті түсті": Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі алғашқы альбомын жазып жатыр

Опубликовано:

Күллі әлемді ғажайып дауысымен таңдай қақтырып жүрген Димаш Құдайберген карантин уақытын пайдалы өткізуде. Тума талант қазақ тіліндегі алғашқы альбомын дайындап жатқанын хабарлап, барша жанкүйерлерін қуантып қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash
Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash: Instagram

Димаш Құдайберген қазақ тіліндегі альбомын таспалау үшін Батырхан Шүкеновтің әндерін жазған отандық танымал композиторге жүгінген.

Жас талант онымен үш жыл бойы кездесе алмапты. Алайда, карантин уақытында Қуат Шідебаевпен көрісу ақыры бұйырған.

"Карантинде елге келіп, ең алғашқы қазақша альбомымды жинақтаудың сәті түсті. Қасымдағы кісіні таныстырмаса да болады.

Атақты Марқұм Батырхан ағамыздың репертуарындағы «Отан ана», «Сағым дүние », «Қайран көңіл ай» сынды талғамы биік көрерменнің жүрегін жаулаған, нағыз қазақ композиторларының ұстазы - Қуат ағамызбен студияда жұмыс барысында.

Мен Пекинде жүргендіктен Қуат аға екеуміз 3 жыл бойы кездесе алмай енді ғана кездесудің сәті түсті. Осындай ұлы композитормен жұмыс жасағанның өзі үлкен бақыт қой" , - деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тқреғали Төреәлі Димаш Құдайбергенді мемлекеттік қорғауға алып, оған қамқорлық көрсету керектігін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1859897-sti-tsti-dimas-kdajbergen-kazak-tilindegi-algasky-albomyn-zazyp-zatyr/

pixel