Выйти
RU

Семей көшесінде әйелді қағып өлтірген жүргізушіні полиция іздеп жатыр

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Семейде белгісіз біреу жаяу жүргіншілер өткелінде екі адамды қағып, белгісіз бағытта оқиға орнынан қашып кеткен. Зардап шеккен ер адам жеңіл жарақаттар алса, келіншек оқиға орнында қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізуші әйелді өлімші етіп қағып, Семейде жасырынған: полиция оны іздеп жатыр

Фото: NUR.KZ

Полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Семей қаласында 11 маусымда болған.

Түнгі сағат екілер шамасында жаяу жүргіншілер жол қозғалысы ережелерімен белгіленген жерде жолды кесіп өтіп бара жатқан.

Алайда оларды белгісіз жүргізуші көлігімен қағып кетеді. Зардап шеккен әйел есін жимаған күйі алған жарақаттары салдарынан қайтыс болады.

Апат болған жерге келген дәрігерлер жәбірленуші ер адамға амбулаториялық ем тағайындайды.

Қазіргі уақытта жаяу жүргіншілерді қаққан жүргізушінің іздері табылмаған.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттеп, қайғылы оқиғаға кәніліні анықтау үшін куәгерлерді іздеп жатыр.

Өлімге апарған жол апаты фактісіне сәйкес, қазірдің өзінде екі бап бойынша тергеу басталды: 345 (жүргізушінің жол ережесін бұзуы, салдарынан абайсызда болған адам өлімі) және 347 (апат болған жерден кетіп қалу).

Шығыс Қазақстан облысының полиция басқармасы қылмыскерді табу үшін жол-көлік оқиғасының куәгерлерін хабарласуын сұрады. 102 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Еске салсақ, 7 маусым күні Солтүстік Қазақстандағы Полудино ауылы маңындағы тас жолда 18 жастағы жігітті көлік қағып кетті. Жүргізуші оқиға орнынан ізін суытқан, ал зардап шегуші ауруханада қайтыс болған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Семей көшесінде әйелді қағып өлтірген жүргізушіні полиция іздеп жатыр