Выйти
RU

"Себепсіз жаратылған": Әйел туралы жазбасы шу тудырған шенеунік қызметінен кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Шымкент қалалық Жастар рерурстық орталығы басшысының орынбасары Данияр Алан "әйелдер ерлерге еркелегеннен басқа мақсатпен жаратылмаған" деген жазбасы үшін қызметінен кетті. Бұл ақпаратты Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі растады деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: facebook.com/daniyaralan

Фото: facebook.com/daniyaralan

Ведомство мәліметінше, шенеунік жұмысынан өз еркімен шыққан.

Оның басшылығы тарапынан бұл мәселе көтерілмепті. Данияр Алан өзінің Telegram-арнасындағы көпшіліктің наразылығын тудырған жазбасынан кейін осындай қадамға барған.

"Оны жұмыстан ешкім қуған жоқ. Атышулы жағдайдан соң өз еркімен жұмыстан кетті. Байқау аясында жаңа орынбасар тағайындалады", - деді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, осыған дейін әлеуметтік желілерде Жастар рерурстық орталығы басшысының орынбасары Данияр Аланның жазбасы тараған болатын

"Құдай алдымен еркекті жаратады. Еркектің іші пысып кеткен соң құдай еркекке серік етіп әйелді жаратады. Егер, құдай кез-келген нәрсені бір себеппен жаратады деп есептесек, еркектің мына дүниеде бір миссиясы болып тұрғаны.
Еркектің мына өмірде жаратылуына бір себеп бар деген сөз. Ал әйел еш себепсіз, жәй еркектің еркелігі үшін ғана жаратылды. Олардың дым миссиясы жоқ. Ал, бала табу деген миссияны кейін, өздері ойлап тауып алған секілді", - делінген оның жазбасында.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Себепсіз жаратылған": Әйел туралы жазбасы шу тудырған шенеунік қызметінен кетті