Выйти
RU

Қазақстанда жаңа мемлекеттік құрылым пайда болады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі ведомствоға бағынышты жаңа құрылым құруды жоспарлауда – ұлттық оператор мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизмі бойынша салынатын 20 аурухананың құрылысын қадағалайтын болады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: mediaunion.kz

Фото: mediaunion.kz

Сенат депутаты Бақтыбай Шелпеков Кодекс жобасында денсаулық сақтау саласында ұлттық оператор құру туралы норма бар екенін атап өтті.

Алайда ол мемлекет бюджеті есебінен қаржыландырылатын тағы бір ведомствоны құру қажеттілігі неден туындаған сұрады.

Өз кезегінде, денсаулық сақтау министрі тағы бір ведомствоға бағынышты жаңа құрылым құру арқылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша ауруханалар құрылысын нақты қадағалауға мүмкіндік туатынын жеткізді.

Біртановтың айтуынша, жаңа ведомство тек денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын жаңартумен ғана айналысады. Министр қазіргі уақытта көптеген медициналық мекемелердің тозғанын, жаңа ауруханалардың құрылысы мен қызмет етіп жатқан мекемелерді жөндеу жұмыстарына шамамен 1,5 трлн теңге қажет екенін мәлім етті. Ол бұл шараларды мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы жүзеге асыру мүмкін екенін жеткізді.

"Ұлттық операторды құру денсаулық сақтауды дамытудың 2025 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасында анықталған 20 жобаның институционалды қаржылық моделін жүзеге асыру үшін қажет", – деді ведомство басшысы.

Біртанов бұл саланың бірқатар ерекшеліктері бар екенін және бұл өкілеттіктерді денсаулық сақтау министрлігінің ведомствоға бағынышты басқа ұйымдары орындай алмайтынын түсіндірді.

Еске сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Шымкенттегі модульді жұқпалы аурулар орталығының ашылуына қатысқанын хабарлағанбыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда жаңа мемлекеттік құрылым пайда болады