Выйти
RU

Коронавирус: БҚО-да қайтыс болған әйел 5 күн бойы дәрігерлерге жүгінбеген

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Батыс Қазақстан облысында бүгінгі таңда коронавирусты жұқтырудың 878 дерегі тіркелген. Оның ішінде 475-і сауығып, үш адам қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

БҚО-да COVID-19-дан қайтыс болған әйел бес күн бойы медициналық көмекке жүгінбеген

Көрнекі фото: KAZ.NUR.KZ

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов жұқпалы аурулар ауруханасында 201 адамның барын, олардың алтауы ауыр жағдайда жатқанын және өкпені жасанды желдету аппаратына 4 адамның қосылғанын хабарлады.

"Өкінішке қарай, пневмониясы бар пациенттердің саны күрт артты. Ауруханаларда пневмониямен 50 адам жатыр", - деді Болатбек Каюпов.

Сонымен қатар, облыста коронавирус инфекциясынан үшінші өлім тіркелген: БҚО-ның 79 жастағы тұрғыны қаза тапты.

"Әйел адам 22 мамырда ауырып, үйде болған, дәрігерлік көмекке жүгінбеген. 27 мамыр күні ол аса ауыр жағдайда инфекциялық ауруханаға жатқызылды.

Осы уақыт ішінде ол реанимацияда болды, ем біздің Нұр-Сұлтандағы орталығымызбен бақыланды. Өкінішке қарай, біздің күш-жігерімізге қарамастан, 7 маусымда қайтыс болды.

Қайтыс болғаннан кейін оған коронавирус инфекциясы, екі жақты пневмония, тыныс алу жеткіліксіздігі, гипертонияның ілеспелі ауруы диагнозы қойылды. Оның отбасы мүшелерінің арасында ауырғандар да бар, қазір олар қажетті ем алуда", - деді Болатбек Каюпов.

Марқұмды жерлеу рәсімі бекітілген ережелерге сәйкес жүргізіледі.

"Пациенттердің көпшілігі бастапқыда медициналық көмекке жүгінбейді, олар үйде отырып, нені күтерін де білмейді. Нәтижесінде біз оларға көмек көрсетуге үлгермейміз. Сондықтан, егер сізде ЖРВИ-дің алғашқы белгілері болса, дене қызуыңыз көтеріліп, әлсіздік, жөтелді сезінсеңіз, дереу дәрігерге барыңыз. Вирус жойылған жоқ, ол бар", - деп түйіндеді Болатбек Қаюпов.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде COVID-19 вирусының белгілері жоқ науқастар саны 2500-ден асты.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Коронавирус: БҚО-да қайтыс болған әйел 5 күн бойы дәрігерлерге жүгінбеген