Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақша төле": Отандық блогер бүркітті "бизнес көзі" қылған азаматтарды сынға алды

Опубликовано:

Қазақстандық белгілі SMM маманы, блогер Жанасыл Болатбек жанұясымен Бурабайға барған кездегі оқиғасымен бөлісті. Ол Қазақстанның көрікті жерінде қазақтың киелі құсы бүркітпен "нанын тауып" жүрген азаматтарды сынады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com: UGC

Бұл туралы Жанасыл Болатбек Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Кеше Бурабайдағы Абылай хан алаңына жол түскен еді. Кіре берісте байлаулы тұрған бүркітті көріп балалар қуанды. Ұстағысы келді. Ал сол маңайда жүрген иесі ақшасын төле деп балаларды қуып жіберді. Жақсы.

Бүркіттің байлаулы тұрғаны Дінасылға қатты батты. Қайтарда сұрақтары жаудырды. "Неге ол байлаулы тұр, ұшып жүруі керек қой бүркіт?", "Ол біздің туымызда тұр ғой", "Олар сирек кездеседі ғой?", "Оған тамақ береді ма?", "Иесі ақша табатын басқа жұмыс тауып алмайды ма?..

  • Жалпы, бұлай қорлау қаншалықты дұрыс? Заң жүзінде рұқсат бар ма? Бурабайға барған кезде екі көрініс ұнамайды екен.
Біріншісі осы алаңдағы бүркіттің байлаулы тұрғаны болса, екінші зоопарктағы жан-жануарлардың аянышты түрлері", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1859917-aksa-tle-otandyk-bloger-brkitti-biznes-kzi-kylgan-azamattardy-synga-aldy/

pixel