Выйти
RU

"Жаман ауру екен": Коронавирусқа сенбеген алматылық отбасымен вирусты жұқтырғанын айтты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Белгілі журналист Мариям Абсаттар желіде Covid-19 жұқтырған танысының оқиғасын баяндап берді. Ол жазбасы арқылы қазақстандықтарды сақ болуға шақырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы Mариям Абсаттар Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Көптен көрмеген группаласыма бір шаруамен қоңырау шалдым. Тұтқаны күрк-күрк жөтеле көтерді. Ау, тыныштық па? - дедім, жөтелген адамнан қорқатын болдық қой.

- Коронавирус қой! Әзілі шығар деп ойладым әуелі.

- Қойшы, құрысын ондаймен ойнама деп қоямын.

- Қайдағы ойын? Келіншегім ауруханада жатыр, қызуы түспей. Балаларды алып, өзім үй карантинінде жатырмыз.

- Сендерден де тест алды ма?

- Иә, бір баламнан басқамыз түгел оң нәтиже.

- Мәссаған?! Енді не істеп жатырсыңдар?

- Ойбой, бұл бәле жаман ауру екен. Денең қалтырағанда тура сүйек-сүйегің қақсайды. Қайта-қайта қызуың көтеріледі. Мені қоя берші, кішкентай балаларыма қиын боп жатыр. Дәріні ішпейді, зорға шайға салып беріп жатырмын.

- Дәрі демекші, не ішіп жатсыңдар?

- Парацетомол, аспирин кәдімгі. Сосын медсестралар кеп укол салып кетеді. Ойнайтын ауру емес, Мәриям. Лажы болса, ешқайда шықпа. Мен де күні кешеге дейін сенбей, масканы иекке тағып жүрдім. Міне, енді соның сазайын тартып жатырмын.

- Алғаш үйде кім ауырды?

- Келіншегім ғой. Олар бүкіл ұжым боп жатыр ауруханада. Капельница салып жатыр екен. Соны уайымдап тұрмын.

Міне, сіздерге нақты факт! "Ойбай, саясат екен, анау-мынау дегенді қойыңыздар. Денсаулық әркімге өзі үшін керек. Текке үйдегі кішкентайлар мен ата-аналарыңызға ауру әкеліп, жұқтырып жүрмеңіздер. Мен де қызымды балабақшаға беруге қорқып жүрмін. Расында, екінші толқын басталған сияқты. Бірінші кезеңде онша біліне қоймап еді, енді міне кәдімгі таныстарымыз отбасымен жатыр. Абай болайық!" , - дейді журналист.

Cоңғы дерек бойынша, елімізде коронавирус инфекциясы 13558 адамнан анықталды. Олардың 8345-і ауруханадан шықса, 67 науқас көз жұмды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Жаман ауру екен": Коронавирусқа сенбеген алматылық отбасымен вирусты жұқтырғанын айтты