Выйти
RU

Қаржы министрлігінің шенеунігі 400 млн теңгені жымқырды деп күдіктелуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Желіде сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметкерлерінің екі адамды ұстаған сәтінен видео пайда болды. Олар 400 млн теңгені жымқыру ісі бойынша күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Кадрлар видеороликтен алынды: youtube.com / " ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі" арнасы

Кадрлар видеороликтен алынды: youtube.com / " ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі" арнасы

Агенттік хабарламасында Шығыс Қазақстан облысында екі адамның ұсталғаны айтылды – бұл қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің қызметкері мен оның танысы.

Олардың жергілікті кәсіпорындардың бірінің басшысын 40 млн теңге көлемінде пара беруге итермелегені белгілі болды. Күдіктілер оның есесіне кәсіпкерге қарсы қозғалған қылмыстық істі жабуға уәде берген.

Айта кетейік, мәдениет және спорт министрлігінің комитетінен 400 млн теңге жымқыру ісі бойынша тергеу аясында аталған күдіктілердің қылмыстық әрекетін әшкерелеуге мүмкіндік туған.

Бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ірі көлемде ақша жымқыру ісі бойынша МСМ комитетінің қызметкері мен бұрынғы жұмысшысы күдіктеліп жатқанын хабарлаған.

Аталған қаражат Риддердегі олимпиадалық резерв үшін арнайы мектептің құрылысына жұмсалуы тиіс болған. Агенттіктің ақпарынша, ұсталған қаржы министрлігінің қызметкері сол нысанның құырылысымен айналысқан.

Еске сала кетейік, бұған дейін есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова халықтың табысы жартылай "желініп жатқанын" мәлімдеген еді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қаржы министрлігінің шенеунігі 400 млн теңгені жымқырды деп күдіктелуде