Выйти
RU

Теміртау әкімі 10 күнде коронавирустан жазылып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Теміртау әкімдігі 1 маусым күні COVID-19 инфекциясы анықталған әкім Ғалым Әшімовтің ауруынан айыққанын хабарлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі Теміртау әкімінің орынбасары Мирас Құттыбайға сілтеме жасап хабарлайды.

Теміртау әкімі коронавирустан жазылып шықты

Ғалым Әшімов. Фото: inbusiness.kz

"Тексеру жүргізілді, ПТР-тест теріс нәтиже көрсетті. Әкім жазылып шықты", - деді Ғалым Әшімов ауырған уақыт аралығында қала әкімі міндетін атқарып жүрген Мирас Құттыбай.

Қала әкімдігінде қала басшысы дүйсенбі күні жұмысқа шығып, өзінің қызметтік міндетіне кірісетінін мәлімдеді.

"Сырқатына байланысты еңбекке жарамсыздық уақыты дүйсенбі, 15 маусымда аяқталады. Сараптама нәтижелеріне қатысты ақпаратқа сәйкес, әкім жазылды. Бұл біз білетін соңғы медициналық деректер", - деді әкімдіктен.

Әшімов ауруханада емес үйде оқшауланып, ем қабылдаған. Әкімнің қандай пәтерде ем алғаны белгісіз, алайда ол жақындарына вирус жұқтырмас үшін жанұясынан бөлек тұрғаны айтылды.

Айта кетейік, өткен тәулікте елімізде тағы 239 адамнан коронавирус табылды. Осылайша, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 13558-ге жетті.

Ал Италия ғалымдары коронавирус ағынының бәсеңдеуін көрсететін зерттеу деректерін ұсынды. Бұл күзде пандемияның келесі толқыны болмайтынына сенуге мүмкіндік береді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Теміртау әкімі 10 күнде коронавирустан жазылып шықты