Выйти
RU

Туғанынан көзі көрмейтін жігіт әлемдегі ең қауіпті толқынды бағындырды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Бразилиялық Дерек Рабело әлемдегі ең күшті әрі қаупті Пайплайн толқынын бағындырған көзі көрмейтін жалғыз адам. Айтуынша, ол теңіз толқынын өзге мүшелерінің арқасында сезінеді екен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ bigpicture.ru-ге сілтеме жасап.

Фотореп бодажы лыуар

Фото: bigpicture.ru

Дерек дүниеге келген кезде, оның әкесі Эрнесто ұлына Гавай аралдарындағы тұңғыш әлем чемпионы Дерек Хоның есімін беруді шешкен. Эрнесто өзі серфингты жақсы көргендіктен, ұлының да әкесі мен Дерек Хоның ізін жалғағанын қалаған.

Алайда, өкінішке қарай, глаукоманың салдарынан ұлының көзі көрмей дүниеге келеді. Десе де, туыстары Деректің жарқын болашағына сенген. Олар Дерек қаласа, бәріне қол жеткізе деген ойда болған.

Фотореп бодажы лыуар

Фото: bigpicture.ru

Екі жасынан бастап әкесі Деректі бодибордта сырғанауға апарды. Дерек өзін судың ішінде жайлы сезініп және серфингті бірден жақсы көріп кетеді. Десе де, ол 17 жасқа толмайынша толқынды бағындыруға тырыспаған.

Кәмелет жасқа толғанда әкесі ұлына серфингке арналған тақта алып беріп, толқында жүзуді үйреткен. Ал кейіннен Дерек серфинг мектебіне барып, Фабио Марудан сабақ алады.

Фотореп бодажы лыуар

Фото: bigpicture.ru

"Біріншіден, әкем мені үнемі қолдап, көмектесіп жүрді. Біз теңізге таңертең барып жүрдік. Ол менің көбірек тәжірибе жинауым үшін серфинг мектебіне жіберді. Мен достарыммен бірге жаттыға бастадым, олар маған қатарласы ретінде қарады", - дейді Дерек.
Фотореп бодажы лыуар

Фото: bigpicture.ru

Айта кету керек, тақтаға тұрып толқынды бағындырған бір бөлек, ал атақты Пайплайнды бағындыру мүлде бөлек дүние. Десе де, Дерек өз күшіне сеніп, мақсатына жетті. Осылайша ол режиссер Брайан Дженнингсті шабыттандырды, ол болашақта жас жігіт жайлы деректі фильм түсірмек.

Фотореп бодажы лыуар

Фото: bigpicture.ru

Деректің айтуынша, оның көзі көрмесе де, басқа сезім мүшелері жақсы дамыған. Дерек толқындардың күшін сезу үшін оны қолымен ұстап, тыңдап көреді.

"Толқындарды тыңдап, оны сеземін. Оларды дауысына қарай ажыратуға болады. Арманыңыз болса, өзіңізге сенуіңіз қажет" , - дейді ол.
Фотореп бодажы лыуар

Фото: bigpicture.ru

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қытайлық бодибилдер шебері коронавирус жұқтырғандарды емдеп жатқаны туралы жазған едік.

Фотореп бодажы лыуар

Фото: bigpicture.ru

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Туғанынан көзі көрмейтін жігіт әлемдегі ең қауіпті толқынды бағындырды