Выйти
RU

Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасары 100 млн теңге пара алды деп күдіктелуде

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми Telegram-арнасы 100 млн теңге көлемінде пара алу фактісі бойынша іс қозғалғанын мәлім етті. Бұған қатысты Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасары мен жергілікті ЖШС өкілі күдікке ілінген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тарапынан қаралап жатқан іс "аса ауыр" санатқа жатқызылған.

Ақтөбе қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары мен жергілікті бизнес өкілі пара алу және пара беру бойынша күдіктеліп отыр.

Аталған 100 млн теңгенің Ақтөбе қаласын абаттандыру бойынша келісімшарт сомасының бір бөлігі екені анықталды. Бұл қаражат қалада өткізілетін тендерлер кезінде қамқорлық көрсетілуіне кепілдік болған көрінеді.

Агенттік бұл іске қатысты өзге ақпараттардың тергеу мүддесіне орай хабарланбайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бұған дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 400 млн теңгені жымқыру ісі бойынша күдікке ілінген тұлғалардың ұсталғанын мәлімдеді.

Агенттік хабарламасында Шығыс Қазақстан облысында екі адамның ұсталғаны айтылды – бұл қаржы министрлігі қазынашылық комитетінің қызметкері мен оның танысы.

Олардың жергілікті кәсіпорындардың бірінің басшысын 40 млн теңге көлемінде пара беруге итермелегені белгілі болды. Күдіктілер оның есесіне кәсіпкерге қарсы қозғалған қылмыстық істі жабуға уәде берген.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтөбе әкімінің бұрынғы орынбасары 100 млн теңге пара алды деп күдіктелуде